(Абонентам K-Cell и Beeline бесплатно) 2828
Байланысу
Басты бетАссистансЕрікті медициналық сақтандыру бойынша сақтандырылғандар үшін

Ерікті медициналық сақтандыру бойынша сақтандырылғандар үшін

Сақтандырылған клиенттерге медициналық қызметтер үшін шығыстарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Сақтандырылған клиенттен медициналық шығыстарды өтеу туралы өтініш белгіленген нысан бойынша толтырылады. Медициналық шығыстарды өтеуге өтініш сақтандыру шартында белгіленген мерзімде толтырылады.

Шығындарды өтеуге арналған өтінішті жүктеу

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  • Жеке куәлік көшірмесі
  • Баланың туу туралы куәлігі
  • Клиенттің IBAN шоты туралы банктен анықтама

 

Өтеуге өтініш қалдыру

Стационарлық емдеу бойынша — шот-фактура, фискалды чек, стационардан алынған құжаттың көшірмесі, калькуляциялық парақ.

Жүктілік бойынша — жүктілікті жүргізуге арналған шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура, фискалды чек.

Босану бойынша — босану тарихы, жаңа туған нәрестенің тарихы, баланың туу туралы куәлігі, орындалған жұмыс актісі, шот-фактура, фискалдық чек.

Амбулаториялық-емханалық көмек бойынша — фискалдық чектің түпнұсқасы, зерттеп-қарау нәтижесінің көшірмесі, осы зерттеп-қарауды жүргізу ұсынымы бар дәрігердің кеңесі жазбасының көшірмесі. Тар ауқымды маманға кеңес беру кезінде -шағым жасалған консультативтік парақтың көшірмесі және маманның қорытынды диагнозы. Клиент медициналық қызметтердің бірнеше түрін алған кезде қосымша шығындар калькуляциясы немесе әрбір алынған қызметке тауарлық чек немесе көрсетілген қызметтердің толық тізбесі мен олардың құны бар шот-фактура қажет.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша — тауарлық чек, фискалдық чек, диагнозы мен емдік ұсыныстары бар дәрігердің кеңес беру жазбасының көшірмесі. Шприцтерден, жүйелерден, веноздық катетерлерден басқа, ББҚ, мультивитаминді препараттарды, гомеопатиялық дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектік емес құралдарды сатып алу жөніндегі шығыстар өтелуге жатпайды.

Стоматологиялық емдеу бойынша — стомотологиялық тапсырыс-диагнозы және әрбір қызмет құны көрсетілген жүргізілген жұмыстардың тізбесі көрсетілген наряд (стоматолог-дәрігер беретін құжат), фискалды чек, тістің рентгенологиялық нысаналы немесе панорамалық суреті.

Өтеуге өтінім
Біздің операторымыз сізбен хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береді

Сақтандырушы қажет болған жағдайда сақтандыру жағдайының фактісін анықтауға және сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуды қосымша талап ете алады.

Сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі.

Байланысу
Біздің операторымыз сізбен хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береді
Қызмет ақысын төлеңіз
Сіз банктік картамен қызметтерді онлайн төлей аласыз
Қосылуға өтінім
Біздің операторымыз сізбен хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береді
Дәрігерге жазылу
Біздің оператор растау үшін сізге хабарласады.