Қалқанша безі — мойынның алдыңғы жағында орналасқан, көлемі шағын, бірақ ағзада атқаратын қызметі аса маңызды орган. Оның қызметі зат алмасуды, жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысын, дене температурасын және тіпті эмоционалды көңіл-күйді реттеуге тікелей әсер етеді. Бұл бездегі өзгерістер көбіне жасырын түрде дамиды, ал алғашқы белгілері жай шаршау немесе күйзеліс секілді көріністермен шатастырылады. Сол себепті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, қалқанша безді тексеру — саналы және жауапты қадам.
Қалқанша безі — гормондық тепе-теңдіктің өзегі
Қалқанша безі екі негізгі гормон бөледі: тироксин (T4) және трийодтиронин (T3). Бұл гормондар ағзаның барлық жасушасындағы энергетикалық процестерді реттейді. Олардың бөлінуін мидағы гипофиз безі арқылы бөлінетін тиреотропты гормон (ТТГ) бақылайды.
Қалқанша безі қызметінің бұзылуы мынадай белгілерге әкелуі мүмкін:
-
салмақтың кенеттен өзгеруі
-
дене температурасының тұрақсыздығы
-
жүрек қағысының жиілеуі немесе бәсеңдеуі
-
ұйқының бұзылуы, мазасыздық
-
көңіл-күйдің тұрақсыздануы, күйзеліс
-
етеккір циклінің бұзылуы
-
шаштың түсуі, терінің құрғауы, тырнақтың әлсіреуі
Симптомсыз ауру — жасырын қауіп
Кейбір жағдайларда қалқанша безі аурулары ешқандай айқын белгісіз өтеді. Статистика бойынша, бұл дертке шалдыққан әрбір екінші адам өзінің диагнозын білмей жүреді. Гипотиреоз кезінде (гормон жетіспеушілігі) адам өзін үнемі шаршаңқы сезінеді, зейіні нашарлайды, салмақ қосылады, суыққа төзімділік төмендейді. Ал гипертиреозда (гормон артықтығы) керісінше — салмақ азаяды, жүрек жиі соғады, ұйқы бұзылады, қол дірілдейді. Алайда бұл белгілер көп жағдайда ескерусіз қалып жатады.
Кімдерге және қашан тексерілу қажет
Қалқанша безін тексеру келесі жағдайларда аса маңызды:
-
отбасыңызда қалқанша без аурулары болған жағдайда
-
тұрақты шаршау, енжарлық, ашушаңдық байқалса
-
етеккір циклінің бұзылуы немесе бедеулік жағдайында
-
жүрек соғысы жиі немесе ретсіз болса
-
тері, шаш, тырнақтың жағдайы нашарласа
-
салмақтың тез өзгеруі байқалса
-
жүктілік жоспарлап жүрген болсаңыз
Не тексерілуі тиіс
Бастапқы диагностика құрамына мыналар кіреді:
-
ТТГ (тиреотропты гормон) — негізгі көрсеткіш
-
Т4 және Т3 (еркін фракциялар)
-
АТ-ТПО және АТ-ТГ — аутоиммундық процесстерді анықтау үшін
-
Қалқанша безінің УДЗ-сі — көлемін, құрылымын және түйіндердің болуын бағалау үшін
Алдын алу — саналы қадам
Қалқанша безінің жағдайын тексеру — бұл ауру іздеу емес, керісінше, денсаулыққа деген жауапты көзқарас. Көптеген гормоналды бұзылыстар ерте анықталған жағдайда сәтті емделеді. Ал ерте диагностика — ұзақ әрі сапалы өмір кепілі.
Қорытынды
Қалқанша безіндегі өзгерістер жылдар бойы байқалмай өтуі мүмкін. Алайда бұл ағзаның үнсіздік сақтап жатқандығын білдірмейді.
Тек бір қан талдауы сіздің ішкі гормоналды тепе-теңдігіңіз жайлы маңызды ақпарат бере алады.
Бұл тепе-теңдік — ұзақ өмір мен психоэмоционалдық тұрақтылықтың негізі.
Симптомдарды күтпеңіз. Бүгін тексеріліңіз. Бұл — өзіңізге деген қамқорлық.