2020 жылдың 10 тамызында "Архимедес Қазақстан" медициналық орталығында "Архимедики" педиатрия орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта педиатр-дәрігерлер, балалар невропатологы, балалар офтальмологы, балалар оториноларингологы, балалар ортопед-травматологы, УДЗ дәрігері қабылдау жүргізеді.
"Архимедики" педиатрия орталығы сонымен қатар кішкентай пациенттерге арналған массаж бөлмесі мен физиотерапия кабинетін қамтиды. УФО (ультракүлгін сәулелендіру), электрофорез және Биоптрон процедурасын дәрігердің тағайындауы бойынша алуға болады.
Клиникада қан алу және бұлшықетішілік инъекцияға арналған жеке кабинет (біздің орталықтың дәрігерінің тағайындауы бойынша), мейірбикені үйге шақыру қызметі бар.